Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова

Лидия  Кәден

admin

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі

%d0%bb%d0%b8%d0%b4%d0%b8%d1%8f-%d0%ba%d3%99%d0%b4%d0%b5%d0%bd1952 жылы 17 ақпанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылында дүниеге келген.
1970-1974жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік өнер институтының «Актер» бөлімі бойынша бітіріп шықты.
1974 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
И.Саввин, Ж.Тәшенов «Қаладан келген қылжақбас»- Жамал, Қ.Қайсенов, О.Бөкей «Жау тылындағы бала»- Анна Ивановна, М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» — Зәуреш, Т.Ахтанов «Махаббат мұңы» — Ләззат, С.Жүнісов «Қос анар» — Тамара Дерягина, О.Бөкей «Мен сізден қорқамын» — Вайра, С.Елубай «Аспаннан түскен адам» -Ақ сайтан, У.Шекспир «Гамлет» — Офелия, «Дуалы түнгі думан» — Ипполита, А.Чехов «Шағала» -Маша, Ян Солович «Түлен түрткен тіленші» -Цилька, Ә.Тарази «Жақсы кісі» -Қатира, М.Әуезов «Алуа» — Нина, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» — Гаухар, Қ.Мұхамеджанов «Өзімді іздеп жүрмін» — Айсұлу, Э.Хушвақтов «Сүйе білсең» — Құрбан ана, Т.Ахтанов «Күшік күйеу»-Биғайша,  С.Ахмад «Келіндер көтерілісі»-Фармон бибі, Т.Теменов «Карменсита» — Сыған кемпір, Г.Хугаев «Қара шекпен» — Қосүрей, т/б.
Лидия Кәден республика жұртшылығына «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы кеңінен танымал актриса.
Мемлекеттік марапаттары:
1991ж. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі»
2005ж. «Құрмет» орденінің иегері.
2015ж. «Парасат» орденінің иегері  Лидия Кәден
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;