Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова

Қорғансыз

admin

Авторы: Мұхтар Әуезов
Инсценировка авторы: Сағадат Ордашева
Режиссері: Дина Жұмабаева
Жанры: Драма трилогия
Жас шектеуі: 16+

ҚорғансызҚазақ театрының көш басында тұрған жазушы Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы – қазақтың тарих сахнасындағы келбетін, қиын өткелектерін айнытпай қанық суреттей алғанымен құндылығын жоғалтқан жоқ. Қай туындысы болсын қорғансыз қалған ұлттық құндылықтарды жоқтай алды, ұлттық болмысыздың дағдарысын бейнелей алды. «Қаралы сұлу», «Жетім», «Қорғансыздың күні» әңгімелері желісі негізінде сахналанған «Қорғансыз» драмасы – қазақтың жаңа ғасыр алдындағы құбылмалы қалпын, жағдаяттар мен құрбандықтардың салмағын көрсетеді.
Үш шығармаға ортақ идея – қорғансыздық пен шарасыздық, ар-ұяттың, жауапкершіліктің салмағы. Қарагөз сұлу, Қасым, Ғазиза қорғансыз қалған жандар, олар әлсіз, нәзік бола тұра мойнына үлкен жауапкершілік арқалаған жандар. Қойылымда үш кейіпкердің зұлымдықпен күресі, іштей шайқасы, түрлі қорқыныштары ашылады. Үш шығармаға өзек болған ойлар жазушының жан сырымен айтылады.