Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова

Гүлжамал Қазақбаева

admin

%d0%b3%d2%af%d0%bb%d0%b6%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bb-%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2%d0%b0

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі

1949 жылы 7 ақпанда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Көксай ауылында дүниеге келген.
1966-1968 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы студияның актерлік бөлімін тәмамдады.
1994-1996 жылдары Т.Жүргенов атындағы мемлекеттік театр және кино институтына түсіп, «Драма театр және кино» актер мамандығы бойынша білім алды.
1969-1978 жылдарға дейін Ж.Шанин атындағы Шымкент облыстық қазақ драма театрында еңбек етті.
1978 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының белді актрисасы болып қызмет атқарып келеді.
Ойнаған рөлдері:
Ж.Шанин театрында:
М.Кәрім «Ай тұтылған түн» — Зүбәржат, М.Әуезов «Қобыланды батыр»- Құртқа, «Айман-Шолпан» — Шолпан, У.Шекспир «Асауға тұсау» — Бьянка, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» — Баян, «Ақан сері – Ақтоқты»-Ақтоқты, С.Жүнісов «Ажар мен Ажал» — Ажар, «Қапастағылар» — миссис адвокат, С.Адамбеков «Абай өлімі» — Жанар, «Түнде болған оқиға» — Муза, Қ.Шаңғытбаев «Беу, қыздар-ай!» — Жансұлу, Б.Аманшин «Жақия» — Зылиха ханша, Ә.Тәжібаев «Ана жүрегі» — Алма, Ш.Айтматов «Арманым- Әселім»- Әсел, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» — Башорат, О.Бодықов «Махаббат мұңы» — Аяужан, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында»- Жәмила, И.Буковчан «Таңғы тауық шақырғанша» — Фанка, т/б
Ғ.Мүсірепов театрында:
У.Шекспир «Гамлет» — Офелия, «Дуалы түнгі думан» — Елена, М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» — Зәуреш, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» — Алма, Гүлжамал, М.Әуезов «Алуа» — Алуа, «Қаралы сұлу» — Қарагөз, Б.Мұқай «Заман-ақыр» — Салиха, Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» — Балым, «Сталинге хат» — Түйметай, Б.Римова «Көп ішінде жалғыздар» — Күнзипа, С.Асылбекұлы «Рабиғаның махаббаты» — Қамқа, «Желтоқсан желі»- Талшын, С.Сматаев «Зар заман» — Бопай ханша, «Көгілдір такси» — Мариям, Иран Ғайып «Қанына тартқан қыңырлар» — Кейуана, «Қорқыттың көрі» — шеше, Д.Исабеков «Анасын аңсаған қыз»- Ана, С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек»- Зухра, «Қыз жиырмаға толғанда» — Ғани кемпір, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» — Шәйін, Е.Аманшаев «1001-ші түн» — Ум Әбілқасан, «Махаббат сазы» поэзия кеші, М.Әуезов «Ай Қарагөз» — Мөржан, Г.Горин «Ұмытыңдар оны…» — Эрита т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
1984ж. «Мемлекеттік сыйлығықтың лауреаты»
1992ж. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі»
2011ж. «Құрмет» орденінің иегері,
2016 ж. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі,
2018 ж. «Парасат» орденінің иегері;