Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова

Еркін Әбдірешов

admin

%d0%b5%d1%80%d0%ba%d1%96%d0%bd-%d3%99%d0%b1%d0%b4%d1%96%d1%80%d0%b5%d1%88%d0%be%d0%b21960 жылы 21 ақпанда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылында дүниеге келген.
1979-1983 жылдары Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтының «Драма және кино» актер мамандығы бойынша бітірген.
1983-1991 жылдары Қазақ мемлекеттік балалар мен жастар театрында актер болып қызмет атқарған.
1991-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде қызмет еткен.
1993-1995 жылдары жеке кәсіппен айналысқан.
1995-1997 жылдары «Қазақстан» телеарнасында режиссерлік қызмет атқарды. Оның қойған режиссерлік жұмыстары: «Біз қайда барамыз?», «Атаңнан қалған ас емес», «Қызға қырық үйден тыйым», Ауыл өмірі» сияқты т/б телебағдарламалар.
2004 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
М.Әуезов (1983ж) «Алуа» — Қызыл әскер, М.Мақатаев «Дариға жүрек» — ақын, Ә.Әбішев «Мәди» — Қаратай, У.Шекспир «Дуалы түнгі думан» — Фисба, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» — Тәукен, Ә.Тауасаров « Сен жанбасаң» — Ермек, «Махаббат аралы» — орманшы, С.Сматаев «Зар заман» — Есет батыр, А.П.Чехов «Шағала» — Яков, М.Шаханов «Көкейкесті» — Махамбет, Т.Алшынбаев «Керқұла атты Кендебай» — Бор батыр, Д.Исабеков «Ауылдан келген ару» — Самат, Т.Ахметжан «Екі жүрек» — Дулат, Е.Аманшаев «1001-ші түн» — көрші, С.Сматаев «Көгілдір такси» — Қайыржан, Н.Ораз «Адасқан жұлдыз»- Егде актер, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» — Ұрмет әке, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» — Орынбай, М.Әуезов «Ай-Қарагөз» — Жабай, М.Мақатаев «Мен, ұмытылмаймын…» -Әке, Т.Ахтанов «АНТ»- Қоңтәж,і т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
Дж.Родари «Чипполино және оның достары» -Алмұрт, Лимон ханзада, Л.Владимирский «Буратино» — Қансорғыш, Томанов «Делдал қарға» — соқыр қасқыр, Т.Ахметжан «Тазша бала» — көкжал батыр, С.Балғабаев «Мико, Жымбала және қасқыр» — қасқыр, С. Қасымбек «Батыл көжектер» -Аяз ата, Р.Ибраева «Ғажайып қобдиша» — әке мысық, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» -Аяз ата;
Мемлекеттік марапаттары:
2011ж. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медалі.