Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова

Егимбков Нариман Елубаевич

admin

Егимбков Нариман Елубаевич

1997 жылы 5 қыркүйекте Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Симферополь ауылында өмірге келген.

2012-2016 жылдар аралығында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Драма театры актері» мамандығын меңгерді.

2016-2020 жылдары Темірбек Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Театр және кино артисі» мамандығы бойынша білім алды.

2021 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келеді.

Ойнаған рольдері: «Болмаған балалық шақ» (авт.: Ақберен Елгезек, реж.: Фархад Молдағали) – Ақош, «Оптимистік трагедия» (авт.: Всеволод Вишневский, реж.: Сергей Левицкий) – Командир, «Кішкентай ханзаданың оралуы» (авт.: Антуан де Сент-Экзюпери, реж.: Дмитрий Курочкин) – Ұшқыш, «Махаббат, қызық мол жылдар» (авт.: Әзілхан Нұршайықов, реж.: Фархад Молдағали) – Тұмажан, «Оян қалыңдық» (авт.: Федерико Гарсиа Лорка, реж.: Дина Жұмабаева) – Леонардо, «Ұлпан» (авт.: Ғабит Мүсірепов, реж.: Гүлназ Балпейісова) – Аңшы Мүсіреп, Еменалы, «Сені сүйем…» (авт.: Уильям Гибсон, реж.: Дина Жұмабаева) – Джерри, «Туған күн» (инсц.: Ұлан Болатбек, реж.: Шағуан Үмбетқалиев) – Зуылдақ.