Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова

Ахманов Мұрат Ноянбайұлы

admin

22042015_2

Көркемдік  жетекші

Туған кезі (күні, айы, жылы): 01.06.1959ж.
Туған жері: Алматы облысы, Райымбек ауданы,Ұзынбұлақ ауылы.
1971 – 1976 ж.ж. Алматы хореографиялық училищесін үздік бітірген.
Алғашқы еңбек жолы 1976 жылдың тамыз айынан «Қазақ ССР-нің ән-би ансамблінде» балет артисі болудан бастау алады.
1980 – 1984 ж.ж. Алматы театр және көркемсурет институтын актерлық мамандық бойынша тәмамдайды.
1984 – 1993 ж.ж. Талдықорған облыстық (қазіргі Б.Римова атындағы) Қазақ драма театрында 10 жылға жуық артист ретінде қызмет етіп, түрлі жанрлы қойылымдардағы: Сталин, Мүсіреп, Петручио, Бауыржан, Демесін, Шоқан, Ақжігіт, Кебек және тағы басқа да көптеген басты қаһармандардың бейнелерін халықтың көкейіндегідей етіп шығарған.
1993 жылдан бастап, Батыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрында артист ретінде еңбек жолын жалғастырды.
1997 жылы қоюшы-режиссер мамандығын алып шығады.
1998 – 2001 ж.ж. С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған Қазақ музыкалық-драма театрының Көркемдік жетекшісі және бас режиссері міндетін атқарды.
2001 – 2010 ж.ж. БҚО Қазақ драма театрының Көркемдік жетекшісі;
2005 – 2010 ж.ж. Б.Римова атындағы облыстық Қазақ драма театрының Көркемдік жетекшісі жауапты қызметтерін атқарған.

М.Ахмановтың режиссерлығымен сахналанған спектакльдер үшін, Гран-При және Жүлделі орындар табыстаған байқаулар тізбегі:

1) 1998 ж. Тараз қаласында өткен Республикалық театр фестивалінің – Бас жүлдесі;
2) 2000 ж. Павлодар қаласында өткен Республикалық театр фестивалінде – I орын;
3) 2003 ж. Орал қаласында өткен Республикалық театр фестивалінде – I орын;
4) 2006 ж. Қызылорда қаласында өткен Республикалық театр фестивалінің – Бас жүлдесі;
5) 2009 ж. Қарағанды қаласында Республикалық театр фестивалінің –I орын жүлдесі;
6) 2013 ж. Ақтөбе қаласында өткен Т.Ахтанов атындағы Республикалық театрлар фестивалінде – Бас жүлдеге қол жеткізген.
7) 2014 жылдың 10 – 19 қыркүйегі аралығында Әзірбайжан Республикалық Шеки қаласында өткен Халықаралық театр фестиваліне қонақ ретінде арнайы шақыртумен қатысқан «Естайдың Қорланы» спектаклі қазақ театр сахнасының соның жетістіктерінің бір үлгісі ретінде, бауырлас түркітілдес көрерменге ұсынылып келді.

Ә.Тәжібаевтың «Көтерілген күмбез», М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» спектакльдері өзге де Республикалық театрлар фестивалінің Бас Жүлдесіне ие болған.
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап, қоюшы-режиссер ретінде қызмет еткен.
М.Ахмановтың Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қоюшы-режиссер ретінде, 2010 жылдан бері сахналаған спектакльдері:

  1. 06.11.2010 ж. С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» (ауд. А.Сүлейменов) комедиясы;
  2. 20.05.2011 ж. «Наурыз думан» (авт. М.Ахманов) балаларға арналған музыкалық-танымдық ертегісі;
  3. 20.04.2012 ж. Б.Мұқайдың «Шындық детекторы» трагикомедиясы;
  4. 14.02.2013 ж. Иран-Ғайыптың «Фатима» қасірет-намасы;
  5. 22.12.2013 ж. «Ертегілер әлемінде» (авт. М.Ахманов) Жаңажылдық ертегі қойылымы;
  6. 18.06.2014 ж. Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланы» махаббат-намасы.

М.Ахманов соңғы 4-5 жылдың көлемінде түсірілген отандық кинотуындылар мен «Қазақстан» және «Хабар» телеарналары түсірген телехикаяларда бірнеше рөлдерге түсіп, кино актерлығы арқылы да өнерсүйер жұртшылыққа танылып үлгерген.

Марапаттары:

1998 ж. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі» атағы
2012 ж. желтоқсан айында «Құрмет» орденімен марапатталған.

Ахманов Мұрат Ноянбайұлы 2015 жылдың 25 сәуірі күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі лауазымдық қызметіне тағайындалды.