Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Министрліктің жаңалықтары

Вице-министр: Туризмді дамыту бағдарламасы сөреде жататын құжат болмауы тиіс

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Атамекен» ҰКП алаңында ҚР кіру және ішкі туризмін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы таныстырылды. Осы орайда Мәдениет және спорт вице-министрі құжаттың бірқатар нормалары қайтарылып, болмаса сөреде жататын құжатқа айналуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді.

«Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттері туристік ресурстарды дамыту, көліктің қолжетімділігі, туристік қызметтер мен жобалардың сапасын жақсарту, елімізде жағымды климатты құру, маркетинг тиімділігін арттыру болып отыр. Виза, көші-қонды бақылау, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту да шет қалмауы тиіс. Біз құжатқа осы шаралар туралы артығымен жазуға тырыстық. Не істеу керек? Мемлекеттік бағдарламаны мемлекеттік органдарға тараттық. Әрі қарай не істеуіміз керек? Мемлекеттік бағдарламаның барлық нормасы сақталуы үшін күресеміз. Себебі біз көрсеткен көптеген міндеттер қатердің астында тұр деп айта аламын. Сөреде ғана тұратын кезекті құжат болуы әбден мүмкін», – деді вице-министр мемлекеттік бағдарламаның таныстырылымында.

Ол 27 жылдың ішінде әзірленген 4 мембағдарламаның ешқайсысы іске аспағанын айтты.

«Туризм экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда апатты түрде, яғни жүйесіз, мемлекет қолдауынсыз өзімен-өзі баяу қарқынмен дамып жатыр. Жақын шет мемлекеттер барлық компонент бойынша біздің шаң қаптырып кетті. Стратегиялық құжаттар әзірлеп, бір сөзге келмей қол қойып, жүзеге асып жатыр. Соған сай олар 5-6 жылмен салыстырғанда көрсеткіштердің бірнеше есе өскенін байқап отыр. Барлығы бұл салаға экономиканың қозғаушы күші деп қарайды. Біз, өкінішке қарай, құжаттарды декларациялаймыз да, оны құптамаймыз», – деді вице-министр.

Ол бағдарлама жобасын таныстыру барысында туризмді дамытуға мемлекет қолдауы аса қажет екенін атап өтті.

«Қаржы министрлігі өте аз қаржы бөледі, тіпті бермеуі де мүмкін. Экономика министрлігі үнемдеуге тырысады. Сол себепті туризмге мемлекеттен мықты қолдау қажет екенін, оның ел экономикасының үлкен бір бөлігіне айналу тиіс екенін басқаларға жеткізе білу қажет. (…) Туризмге қауіп төніп тұр. Біз оны бірігіп қана көтере аламыз», – деді ол.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрлігіне ҚР туристік қызметін дамытудың 2023 жылға дейінгі бағдаралмасын әзірлеуді тапсырған болатын.

Мемлекеттік бағдарламада республика деңгейінде негізгі 10 туристік дестинация мен аймақтық деңгейде негізгі 50 дестинацияны дамыту көзделген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«Қыз Жібек» жəне «Атаманның ақыры» көркем фильмінің түсірілгеніне 50 жыл

admin

Аида Балаева Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды

admin

Жайдарбек Күнғожинов Əлем каскадерлері академиясының «Таурус» жүлдесін жеңіп алды

admin