Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова
Новости

10 қараша күні «Кейiпкер келбетi» мейман-бұрышының қонақтарымен болған сырлы сұхбат өз дәрежесiнде өттi. Әртiстер өздерiнiң сүйiктi көрермендерiнiң қиын да, қызық сұрақтарына барынша шынайы жауап берiп, аяқ асты бiлдiрiлген өтiнiштерiн жерге тастамай, ән айт десе ән айтып, роль ойна десе, оған да саспай, барынша корермендерге әдемi, сырлы сұхбат ұсына бiлдi. Әзiлi жарасқан актерлар — бiздiң — фан-клубтың дайындаған күтпеген тапсырмасын да ойдағыдай алып шықты. Бүгiн келген барлық көрермендердiң атынан шынайы, әдемi, әсерлi сұхбаттары үшiн актерларға үлкен рахмет айтамыз! Қысылмай, еркiн өз ойларын айтып, сұрақ қойып, сұхбаттың қызықты өтуiне үлес қосқан барша көрермендерге де алғысымыз шексiз! Театрда жүздесейiк!!!

Извините, этот техт доступен только в “Қазақша”.

Сәйкес жаңалықтар

Минкультспорт бросит полтриллиона тенге в туризм

admin

Президент Казахстана провел встречу с Председателем Совета министров Италии Джорджей Мелони

admin

Айгүл Иманбаеваның бағын ашқан театр мерейтойын студенттермен бірге тойлады. Толығырақ 20:15-те #Headliner бағдарламасынан көріңіздер! #ТВ #Алматы #ХитТВ #HITTV

admin