Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Жастар театры – Ақтөбеде!

Ұлтымыздың көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «…алыс аймақтардағы тұрғындардың мәдени өрлеу ісіне атсалысу» тұрғысындағы түбегейлі тапсырмасын қолдап, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры гастрольдік сапармен барады.

Мақсат – ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен киелі шаңырағымыздың 70 жылдық мерейтойытұсында көптеген саңлақтарды дүниеге әкелген киелі топырақ – Ақтөбе өңірінінің жұртшылығымен дидарласып, шығармашылық жетістіктерімізбен бөлісіп, театрсүйер халқына шоқтығы биік сахналық туындыларымызды паш етпек ойда.

Көрерменге ұсынылатын  қойылымдар:

  1. 29  қыркүйек      «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»  (авт. Ғ.Мүсірепов, реж. Ж.Хаджиев) трагедиясы;

Жастық пен махаббат, сұлулық пен нәзіктік,  адамдық пен адалдықты сөз етер, сертке берік екі жастың арасындағы ғашықтық жырларын шертер «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» қойылымы – өнер мен өмір, тәрбие тағылымы мектебі екені хақ.

Ұлы Ғабаң (Ғ.Мүсірепов) жазған бұл туынды – көпшілік-көрерменге оқиғасы жағынан өте кеңінен таныс.

Дегенмен, бұл жолғы Қозы Көрпеш те, Баян да – басқа…Жаңа…

  1. 30 қыркүйек «Келіндер көтерілісі» (авт. С.Ахмад, реж. М.Ахманов) комедиясы;

Бұл оқиға ене мен келін арасындағы ғана емес, адамның бостандығы, таңдау еркі мен ескі тәртіптің арасындағы конфликтіге негізделген. Қойылым  барысында  өнер сүйгіш өзбек  халқының  дәстүрлі биі әдемі әзілмен әспеттелген, дәстүрлі театр элементтерін пайдаланған спектакль – көрерменді күлдіре отырып,

ойға батыратыны хақ.

«Келіндер көтерілісі» спектаклі  комедия  жанрында  өрбіп,  арнайы  қойылған  көркем  биімен,  әсем  әуенімен  сахналық  шығармашылық  туынды  ретінде  әсерлі.

 

  1. 1 қазан        «Қызыл  орамалды  шынарым»  (авт. Ш. Айтматов инсц. және реж. Т. Теменов) екі бөлімді драмасы

Ш.Айтматовтың «Арманым Әселім» шығармасының негізінде сахналанған «Қызыл орамалды шынарым» қойылымының басты лейтмотиві- жол. Адам өмірі-жол. Қайда бастайтыны, немен тұйықталатыны беймәлім. Кездейсоқ таныстықтан басталған Ілияс пен Әселдің шынайы махаббаты- мәңгілік. Алайда олардың басындағы бақыт – қас-қағым сәт қана.

 

  1. 2 қазан  «Мен,  ұмытылмаймын…»  (авт. М. Мақатаев, инсц. және реж. Б.Сейітмамытұлы)  лирикалық  драмасы;

Пай-пай өмір!

Өтесің-ау бір күні! Тыясың-ау, қуанышты – күлкіні.

Өмір деген бір жарқ еткен найзағай,

Өмір деген көк аспанның күркүрі!

Пай-пай өмір!

Өтесің-ау бір күні! – деп жырлаған заңғар ақын Мұқағали Мақатаевтың поэзиясымен өрбіген «Мен, ұмытылмаймын…» драмасы – әр қазақтың кеудесінде жыр боп жатталған ақын жырларымен сусындап, лирикалық әдемі әлемге жетелейтін керемет қойылым.

 

  1.  3 қазан «Қара шекпен» (авт. Г.Хугаев, реж.А.Маемиров)  әфсанасы;

Жер бетін мекендейтін он сегіз мың ғаламның ішіндегі ең құдіреттісі де, ең ақылдысы да, ең әдемісі де – Адам…

Ал, Біз, дәл осындай «дәрежеге» расымен, лайыкпыз ба?!

Кез келгеніміздің бойымызда бар өзімшіл қасиеттер басым түсіп, Жан азығынан мақұрым қалған адамдай адамдық қасиетіміз жойылып, кейде хайуанға айналып бара жатқанымызды өзіміз де байқамай жатамыз…

«Қара шекпен» спектаклі – осы сұрақтарға жауап іздейді.

 

  1. 29, 30 қыркүйек 1,3 қазан  «Ер көжек» (авт. Ө.Боранбаев, реж.И.Әбілмәжінов) ертегісі.

Көжек – өте  сүйкімді,  өзгелерге  ешбір  зияны  жоқ.  Ол  өзінен  әлді,  жыртқыш  аңдардан  әрине  қорқады.  Бірақ,  біздің  Көжегіміз – бәрінен  қорқақ  болса  да,  ақыл-айласының  арқасында,  қойылым  соңында  бәрінен  күшті  боп  шыға  келеді.

Ертегінің  де  естісі,  есері  болады.  «Ер  көжек»  спектаклі – тақырып  өзегіне  бүгінгі  күн  мәселелерін  арқау  еткен  есті  ертегі.  Балалардың  көруіне  ыңғайлы,  әрі  қызықты  қойылым.

 

Өтетін орны: Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры

Өтетін күні:   29 қыркүйек пен 3 қазан аралығы

Ақпарат көзі: http://aikyn.kz/ru/articles/show/28641-zhastar_teatry_a_t_bede_

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматыда «Алтын сақа» балалар спектальдерінің фестивалі басталды

admin

Ғабит Мүсірепов атындағы Жастар мен жасөспірімдер театрының актеры, қалың көрерменге “Мың бір мақал”, “Сен сұлу” тележобалары арқылы кең танымал болған Рахман Омар мырзамен болған бүгінгі эфиріміз де онша қызықсыз өтпеген сияқты

admin

Сахнада – «Райымбек, Райымбек!»

admin