Государственный академический уйгурский театр музыкальной комедии им.К.Кужамьярова выражает глубокое соболезнование родным и близким по поводу безвременной кончины видного режиссера казахского театрального искусства Жаната Хаджиева.
Қазақ театр режиссурасында өз жолын, өз соқпағын қалдырған Жанат Хаджиев фәни-дүниеден бақиға аттанды. Арқалық пен Жезқазғандағы Хаджиев ашқан театр — республикамыздың маңдайалды өнер ордасына айналды. Жаңашылдықты ту еткен Жанат аға «Өнерде — провинция болмайтындығын» дәлелдеді. Ж.Хаджиев саxналаған қойылымдар — қазақ театр өнеріне сілкініс әкелді. «Қызжібек», «Қарагөз», «Қозы көрпеш — Баян сұлу», «Ақан сері — Ақтоқты», «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым» спектаклдері — Хаджиев режиссурасының биігі, еліміздің театр өнеріндегі көркемдік құбылысқа айналған дүниелер. Өзінің ұлы ұстазы Әз-аға Мәмбетов бастаған ұлылар жатқан «Мәңгілік мекенге» аттанды. Жаның жәннатта болғай, Жанат аға!