Жаһандану үдерісі екпін алған бүгінгі күні ел болашағын айқындайтын өскелең ұрпақ – балалар мен жасөспірімдер тәрбиесінің маңызы күн санап артып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын халыққа арнаған Жолдауында «жалпы қазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беру» міндетін қойды. Осы міндетті жүзеге асырудың бір жолы – жас буынның мәдени-әдеби тәрбиесі дер едік. Мұның бір жолы халықтың мәдени ынтасын театрландырылған қойылымдар арқылы ояту. Осы мақсатта Ғ.Мүсірепов атындағы театр ұжымы Іле ауданы жұртшылығы назарына Ш.Құсайыновтың «Алдар көсе» ертегісін, И.Ғайыптың «Естайдың Қорланы» махаббат-намасын, сондай-ақ, Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясын ұсынды.
Ақпарат көзі: http://writers.kz/journals/?ID=10&NUM=393&CURENT&ARTICLE=10484