Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Әмина Өмірзақованы еске алу кеші өтеді

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастыруымен Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденінің иегері, біртуар актриса – Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтеді.

16 наурызға жоспарланған бағдарламаға сай сағат 15.00-де баспасөз конференциясы өтсе, сондай-ақ, сағат 16.00-де «АНА ТУРАЛЫ АҢЫЗ» атты актрисаны еске алу кеші басталады.

Еске алу кеші – аңыз актрисаның ЮНЕСКО көлемінде атап өтілетін мерейтойлық іс-шаралары аясында жүзеге аспақ… Жарқын бейне жайында жылы естеліктер айтылар сырлы басқосуда бірге болайық!

Ақпарат көзі: http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/56360/

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мүсірепов театры Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, Райымбек! Райымбек! тарихи драмасын сахналайды

admin

Жұлдызбек ЖҰМАНБАЙ, Ғабит Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер театрының актері:Сахна – менің тәңірім!

admin

Rowing, Recreation and Fun on The Summer Day

admin