Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова
Новости учреждения

ӘЛЕМІ ӘДЕМІ ӘМИНА

Әмина Өмірзақова – қазақ киносының тұңғыш қарлығаштарының бірі. Театрдағы рөлдері де – өз алдына бөлек әлем. Көрерменді сендіре білетін, жүрек түкпірінен орын ала білетін қасиетін өнердегі әріптестері де, көзін көрген замандастары да жиі айтады. Одан қалса, ана образын дәл Әмина Өмірзақовадай шебер сомдаған қазақ актрисасы жоқ шығар! Тайлағына жар іздеп құрақ ұшқан абзал ана, «Ана туралы аңыздағы» рөлі күллі көрерменді баурады. Талантына бас игізді. Белгілі актрисаның биыл – ғасыр тойы. Атаулы жыл күллі ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі. Газетіміздің жылашар нөміріне Әмина апа жайлы естеліктерді жариялағанды жөн көрдік. Бұл кісінің көзін көргендер де жыл өткен сайын азайып барады. Апалы-сіңлі болып етене араласқан замандасы Роза Әшірбековамен арнайы тілдескен едік. Апасы жайлы әңгімені әріден бастады. Естеліктері де жып-жылы. Әр айтқан сөзі сезімге толы. Соңында сағынғанын айтып, көңілі босады. Ендігі әңгімені Роза Әшірбекованың өзі айтсын.

Әмина апаммен алғаш студент кезімде танысқан едік. Театрға жиі ба­рып тұрамыз. Ол кісінің ойыны ерек­ше болатын. Арнайылап бара­мыз. Әсіресе, «Тайфун» қойы­лы­мын­дағы рөлі айрықша есімде қал­ды. Алғаш көргенім де осы кез еді. Жағымсыз кейіпкерді сомда­ды. Жоғары жақтан түсіп келе жат­қандағы бейнесі көз алдымда. Жа­нарынан от шашып тұратын. Бір­ден баурап алады. «Ойпырым-ай, неткен ғажап актриса. Алла Та­­­­ғаланың берген таланты осы шы­ғар» деумен болдым. Өзге ел­дің, соның ішінде көбіне ресейлік артистердің ойынымен таныспыз. Оларда кей жерлерінде жасанды­лық сезілетін. Әмина апам шы­найы еді. Осылайша ойынына бір көр­геннен ғашық болдым. Ішім­нен «мен де осындай болсам» деп ті­лейтінмін. Оқу бітіріп, үйге кете­міз деп жүргенде Әуезов атындағы театрда ойнап жүрген Мәкен Бай­зақова қолын сындырып алып, Әзірбайжан Мәмбетов мені сол кісінің орнына гастрольге жіберді. Сөйтіп, аяқасты Талдықорғанға сапарға аттандық. Барсақ, Алма­ты­­­дағы балалар мен жас­өспі­рім­­дер театрының Әмина апай мен жұ­байы Камаси Өмірзақов бас­та­ған бригадасы да сол жақта жүр екен. Қонақүйде жолығып қалдық. Сту­дия­ны аяқтаған соң сол театрға жұмысқа қабылданған едім. Әуезов актерлері: «Міне, бұл – сіз­дер­­дің актрисаларыңыз», – деп мені сол жердегілерге таныс­тыр­ды. Мұны естіген Әмина апа дереу: «Ойбай, онда неге сендер­мен ойнап жүр?», – деді. Ол кісінің мі­не­зі сондай еді. Жасандылықты ұнат­пайтын. Тіке айта салады. Әуе­зов театрымен бірге жүруімнің себебін түсіндіріп, солай бетпе-бет та­нысқан едік. Әмина апаның театр­­ға келген актерлердің бәріне қоя­тын алғашқы сұрағы – «Қай ел­денсің?». Менен де сұрады. Көк­ше­таудан екенімді айтсам, «Арғын екен­­сің ғой. Өзімнің сіңлім бол­дың. Енді сені сіңлікеш деп атай­мын» деді. Міне, сол кезден бері ете­­не араластық. Ол – менің театр­да­ғы анам. Өйткені театр та­балдырығын енді ғана аттаған уа­қытқа сәйкес келді. Тіпті сахнаға шық­­қанда қолымды қайда қоя­рым­ды білмеймін. Әмина апа өзі же­тектеп, жетелеп жүрді. Көптеген қойы­лымдарда бірге ойнадық.

Театрмен шектелмей, киноға түс­ті. Бір емес, бірнеше фильмдері ха­лықтың көңілінен шықты. Тек өмірінің соңына қарай денсаулығы нашарлағанда шығармашылығы бәсеңдеді. Аяғын баса алмай жүр­ге­ніне қарамастан, театрға анда-сан­да бас сұғып тұратын. Келге­нін­де бірден «Сіңлікеш, бері кел» деп жанына шақырып алады. Ұжым­ға келген жастарды аса тани бер­мейді. Содан әрқайсысының аты-жөнін сұрайды. Бәрі есінде қай­дан тұрсын? Ұмытып қалып, ке­лесі келгенінде баяғы сұрақтар­ды қайтадан қояды. «Туу, Әмина апа, қойшы. Бәрібір ұмытып қа­ла­сың» деп бұртиып қалатынмын. «Күлме, сіңлікеш. Ертең өзің де сөй­тіп отырасың» дейтін. Шынын­да да, сол күн қазір өз басыма да ту­ды. Тура Әмина апа болдым. Қа­­зір айтқанды қазір ұмытып қа­ла­мыз. Бір айта кетерлігі, театр әкім­шілігі ол кісі өмірден өткенге дейін штатта ұстап, айлық беріп отыр­ды. Қандай құрмет!

Театрымызда асхана бар еді. Ка­­маси аға мен Әмина апа айлық ал­ғанда еркелеп, тәтті алдырамыз. Ол кезде Мәскеуден шығарылатын «Красная шапочка» дефицит бол­ды. Соған құмармыз. Аға «Кәмпит қа­на жейсіңдер ғой» дегенде «иә, иә, кәмпит болса жетеді» дейміз. Бі­­­рақ асханаға барған соң қосым­ша тағы бірдеңе аламыз. Екеуі де мар­құм өте аңғал, ақкөңіл бола­тын. Кейде қарызға жаздырамыз. Сөйтіп, талай ұл-қыз Камаси аға­ны «черный списокке» кіргіздік. Ақ­шасын берерде Әмина апам «Ойбай-ау, айлығымды не істе­дің­дер» деп күліп, төлеп жататын. Бір жақ­­сысы, еш ренжімейді. Ер­ке­лі­гі­мізді көтереді. Әрі кетсе «Әй, со­­бакалар» дейді.

Жолдасына қатты еркелейтін. Аза­маты да еркелете білетін. Бұл жұп­қа сырттай қызыға қарайтын­быз. Тағдырдың жазуы сол, Әмина апам жастау қалды. Қырық пен елу­дің орта тұсында болды ғой дей­мін. Апыр-ай, сол кезде олар біз­­ге үлкен адам боп көрінетін. Ар­тынан екі ұл, бір қызы қалды. Со­ларды апам өзі жеткізді, өсірді. Ки­ноға, театрға, балаларға қарап та үлгеретін. Арасында радио мен дуб­ляжы тағы бар. Соның бәрі ба­лалар үшін. Камаси аға өмірден кет­кен соң қиындықты көп көрді. Со­ның бірін білдірмеді. Арасында екеуміз ғана қалғанда «Уһ, сіңлі­кеш, шаршадым» дейді. Жиырма­дан енді асқан кезіміз. Жөнді еш­теңе айта алмаймыз. Сол бір ауыз «уһ» дегеннің өзінде соншама қиын­дық пен ауырлықтың жатқа­нын сезетінмін. Бірақ өмірге өкпесін айтпайды. Басқалардың көзінше жайдары қалпын сақтай­тын. Ол кісінің энергиясы таусыл­май­тын. Қашан көрсең, күлімдеп, өмір­ге құштар боп жүреді. Жан-жа­ғына шуақ таратады. Театрға та­баны тиген бетте құдды күн кір­ген­дей сезілуші еді. Жарық пен жылу беретін. Жүре алмай қалған кезінде ұлы Талас балдақпен талай театр­ға әкелгені есімізде. «Ұжы­мым­ды сағындым» деген бір сөзін жер­ге тастаған емес. Келе алмаған кезінде жаңалықтарды телефон ар­қылы сұрайды. Әр сейсенбі ха­бар біліп отыратын әдеті бар. Өзі үй­ден шыға алмай қалғандықтан ба екен, үнемі «Роза, театрдың іс-шараларынан қалма, ерінбе» деп ескертіп отыратын. Бұлай деуінің тағы бір себебі – театрға деген сүйіс­пеншілігі. «Кірер кезде «біс­міллә» деп, оң аяқпен кір. Сахнаға шық­қанда да айтуды ұмытпа. Сон­да Алла саған күш-қуат береді, кө­мектеседі. Өсек-аяңнан алыс бол. Қыбыр-жыбырға жақындама» деп ақыл айтып отыратын.

Сол кездерді қатты сағынамын. Әмина Өмірзақова, Қасым Жә­кі­баев, Аққағаз Мәмбетова сынды за­ман­дастарымды жиі еске ала­мын. Анда-санда құран бағыштай­мын. Жаныма бататыны – олар­дың егемендік алғанымызды көре алмағаны. Қазақстанның жеке мемлекет болғанын көрмеді. Бәрі Кеңес Одағының заманында өмір сүрді, сол кезде дүниеден өтті. Тәуел­сіздік алып, өз алдымызға бө­лек мемлекет болғанымыз қан­дай бақыт! Егемен елдің ұландарын көріп, тағы қуанамын. Бір ғана Димашымыздың өзін алып қа­раңыз. Сахнаға шыққаннан Аллаға шүкірімді айтып отырамын. Бұрын қалай еді? Совет үкіметінің қаза­нын­да ғана қайнадық. Шетел де­ген­ді білмедік. Ал қазір қалай? Ба­рам деген жерге бара аласың. Өзі­міздің Оралға барғаннан Аме­рикаға бару оңай. Ұшақпен демде мұхит асам десең де, ерік өзіңде. Осын­дай күнді көргеніме бақыт­ты­мын. Әйтсе де, Совет үкіметінің де кереметі көп болды. Сол дәуірде өмір сүрдік, оқыдық. Жастардың дені кітапқұмар едік. Әмина апам «Әй, Роза, шошаңдамай, роман­дар­ды көп оқы. Мен өзім ондайға жоқ­пын. Сен кітап оқы» деп оты­ру­шы еді. Әмина апа жайлы естеліктерден еске түсіп отырғаны – осы. Өте ға­жап жан еді, шіркін. Жатқан жері жайлы болсын! Биыл ғасыр тойы ЮНЕСКО көлемінде той­лан­ғалы жатыр. Бұл да ол кісінің өне­рі мен еңбегінің бағаланғаны де­сем, артық болмас. Мұндай жан­дар ұмытылмауы тиіс. «Сіңлікеш» деп отыратын сүйікті апам дәйім жадымда. Дұғамда. Өнер саласын­да­ғы барша ізбасарларына сол кі­сінің жолын берсін!

Жазып алған

Жадыра АҚҚАЙЫР

Ақпаарат көзі: https://aikyn.kz/2019/01/04/76904.html

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Бүгіннен – болашаққа

admin

Қара шекпен» спектаклі. Авт. — Г.Хугаев; Реж. — А.Маемиров; Тұзар — Д.Базарқұлов; Қосүрей — Л.Кəден #Мүсіреповтеатры #Қарашекпен

admin

Various Creative Green Items on Desktop Writing

admin