Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруымен UMAI ұлттық сыйлығын табыстау кеші өтті. Аталмыш шарада театрымыздың мақтанышы ФАРХАД МОЛДАҒАЛИ “СПЕКТАКЛЬДІҢ ҮЗДІК РЕЖИССУРАСЫ ҮШІН” номинациясында жеңімпаз атанды. Бәйгеде 400-ден астам үміткер болды.
Режиссердің сахналаған спектакльдері биіктерді бағындырып келеді. Атап айтқанда, биылғы жылдың өзінде “Құлагер” спектаклі әлемдік деңгейдегі ЧЕХОВ АТЫНДАҒЫ XVI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕ шақырту алды. “Король Лир” спектаклі “ABISH ALEMI” ІІ Халықаралық театр фестивалінде ГРАН ПРИ иеленді.