Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Қазақ әртістерінің қойылымы халықаралық фестивальде “ең үздік спектакль” жүлдесін иеленді

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Түркияның Конья қаласында 20-30 сәуір аралығында өткен “Мың тыныс бір дауыс” атты Түркітілдес театрлардың ІХ халықаралық фестиваліне қатысып, “Ең үздік спектакль” жүлдесін жеңіп алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Түркітілдес театрлардың ІХ халықаралық фестивалі өте жоғары дәрежеде өтті. Фестивальге он түрлі театр қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Олардың ішінде біздің ұжым “Ең үздік спектакль” жүлдесін жеңіп алды”, – деді театрдың директоры Сәбит Әбдіхалықов.

Тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған бұл шарада театр ұжымы Георгий Хугаевтың “Қара шекпен” қойылымын көрсетті. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Асхат Маемиров, қоюшы-суретшісі – Индира Ихсан, музыкамен көркемдеген – Динара Әбікеева, Болатбек Нұрқасымов, балетмейстер Ринат Билібаев болды.

26 сәуір күні Түркияда көрермендер назарына ұсынылған “Қара шекпен” спектаклінде Данияр Базарқұлов, Жанар Мақашева, Ерлан Кәрібаев, Әсет Есжан, Еділ Рамазанов, Гүлбаһрам Байбосынова, Сәния Ерзат, Дархан Сүлейменов, Ербол Садырбаев, Ербол Ыдырысов, Гаухар Сағынғалиева, Толқын Нұрбекова, Қуаныш Тұрдалин, Гүлдана Ергешова, Мөлдір Қонысқызы, Динара Шымырбаева, Елдар Отарбаев өз өнерін көрсетті.

Айта кетейік, “Қара шекпен” – жануарлардың бейнелері арқылы адамның шынайы бетін ашып көрсетуге бағытталған спектакль.


Ақпарат көзі:https://kaz.tengrinews.kz/oner/kazak-artsternn-koyyilyimyi-halyikaralyik-festivalde-en-uzdk-269539/

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ақтоты Райымқұлова: «Елімізде 3 212 қолданбалы шығармашылық үйірме, балаларға арналған әуесқой бірлестік пен клуб жұмыс істейді»

admin

Handsome Man is Using a Laptop, Looking

admin

«Құланбаевтар династиясының» дарасы

admin