Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Әріптер әлеміне саяхат

admin

Әлібек  Байбол

«Әріптер әлеміне саяхат» (танымдық ертегі)

Қоюшы-режиссері– Сағызбай Қарабалин
ҚР еңбек сіңірген артисі
Қоюшы-суретшісі – Айдана Бисембаева
Музыкасын құрастырушы – Динара Әбікеева
Қазақстан Жастар Одағы «Серпер»
сыйлығының лауреаты
Балетмейстер – Ринат Билибаев
Әлемдегі барлық дүние түрлі нәрселерден құралады. Жаңбыр – су тамшыларынан, орман – ағаштардан… – деген секілді сансыз мысалдар келтіруге болады.
Ал, сөйлемдер неден құралады? Дыбыстар ше?.. Сөйлеу тіліміз – сөйлемдерден тұрса, сөйлемнің сөздерден, сөз – дыбыстан құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын,біздің балақайлар жақсы біледі.
Қойылымда әріптер де сөйлейді, өзара талас-тартысқа түседі, олардың іс-әрекеттеріненешкім ешқашан ештеңеге, әсіресе, жаңа бастамаларға бейжай қарай алмайтынын аңғаруға болады.
Тіл – қарым-қатынас құралы. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуіне жол ашады. Әлемдік кеңістікке бастар жол – латын әліпбиіне көшудің тәй-тәй қадамдарынжасап көргіңіз келсе, біздің театрға келіңіз!
Спектакльдің премьерасы: 21 желтоқсан, 2019 жыл