Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Хазима Нұғманова

admin

%d1%85%d0%b0%d0%b7%d0%b8%d0%bc%d0%b0-%d0%bd%d2%b1%d2%93%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2%d0%b01958 жылы 11 қаңтарда  РФ Волгоград облысы, Палласов ауылында дүниеге келген.
1976-1978 жж. М.Әуезов атындағы драма театр жанындағы екі жылдық студияның актерлік мамандығын тәмамдаған.
1978-1980 жж. М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық Қазақ драма театрында актриса болып қызмет істеді.
1980-1984 жж. Алматы қаласындағы Қазақ радиосында диктор лауазымын атқарды.
1984-1993 жж. Б.Римова атындағы Талдықорған облысының қазақ драма театрында.
1993-1999 жж. БҚО облыстық қазақ драма театрында.
1999-2000 жж. С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған  қазақ-музыкалық драма театрында.
2001-2005 жж. БҚО облыстық қазақ драма театрында.
2005-2011 жж. Б.Римова атындағы Талдықорған облысының қазақ драма театрында.
2010 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде ұстаздық міндет атқарады.
2015 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
М.Әуезов «Еңлік-Кебек» – Еңлік, «Түнгі сарын» -Жүзтайлақ, «Қарагөз» – Қарагөз, Т.Ахтанов «АНТ» – Бәтима ханым, А.Сүлейменов «Қыздай жесір немесе штат қысқарту» – Үрия, М.Хасенов «Пай-пай жас жұбайлар-ай!» – Зәуре, Бану, М.Кәрім «Ай тұтылған түн» – Зүбәржат, Шафақ, А.Камю «Калигула» – Цезония, С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Гүлбаршын, Ә.Тәжібаев «Көтерілген күмбез» – Махаббат, С.Асылбекұлы «Желтоқсан желі» – Ақмарал, «Кенесары, Наурызбай» – Бопай ханша, Б.Мұқай «Тойы көп үй» – Назгүл, Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» – Әлия т.б;
Мемлекеттік марапаттары:
2006 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;