Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Сафуан Шаймерденов

admin

1991 – 1995 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және  кино институтына қабылданып, аталған оқу орнын музыкалы-драма театрының  актеры  мамандығы  бойынша бітіреді.
2010 – 2012 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясын режиссер мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
1995 – 2003 жылдар  аралығында  Ақмола  облыстық  (Көкшетау қаласы) Ш.Құсайынов атындағы Қазақ музыкалы-драма театрында;
2003 – 2004 жылдар аралығында Қ.Қуанышбаев  атындағы  Астана  қалалық  Қазақ  музыкалы-драма театрында да артистік еңбек етті.
2006 – 2010 жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы  Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті.
2011 – 2012 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актер;
2014 – 2016 жылы С.Демирел атындағы университетінің тәрбие және қоғамдық істер департаментінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.
2016 жылдың 19 қаңтарынан бері Ғ.Мүсірепов атындағы  Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етіп келе жатыр.
Ойнаған рөлдері:
Т.Теменов «Алма бағы» – Бекет, Б.Әлімжанов «Супер Серкеш» – Айбатша, Б.Есеналиев «Базарың тарқамасын» – Әлмағанбет, С.Мұратбеков «Жусан иісі» – Өкіл, А.Чехов «Шағала» – Дорн.
Режиссер ретінде қойған спектакльдері:
Д.Исабеков «Құстар фестивалі», С.Маршак «Жаңа Жылдық бәйшешек»
Мемлекеттік марапаттары:
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалінің иегері;
2000 жылғы «Шабыт» Халықаралық Жастар фестивалінің лауреаты;