1990 жылы 11 шілдеде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жылысай ауылында дүниеге келген.
2008-2012 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық театр» актері мамандығын бітірген.
2012 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып жұмыс жасайды.
Ойнаған рөлдері:
Н.Ораз «Адасқан жұлдыз» – базар бастығы, Иран-Ғайып «Фатима» – Жыр Кие, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» – жас бала, С.Сматаев «Көгілдір такси» – Есбергенов, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…» – Матай, Т.Теменов «Шығыс сазы» – хабаршы, М.Мақатаев «Мен, ұмытылмаймын…»- жас жігіт, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Хакім, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Кико, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – көң қарға, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Тузик, М.Ахманов «Наурыз думан» – маймыл, күшік, доңыз, «Ертегілер әлемінде» – аю, Ю.Энтин, В.Ливанов «Бремен музыканттары» – қарақшы, Р.Киплинг «Маугли» – бөрі, Ш.Құсайынов «Алдар көсе» – хан, т/б.
- Басты бет
- Ұлан Болатбек