Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Руслан Ахметов

admin

%d1%80%d1%83%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%bd-%d0%b0%d1%85%d0%bc%d0%b5%d1%82%d0%be%d0%b21978 жылы 23 қарашада Қызылорда облысында дүниеге келген.
1995-1998 жылдары Тараз қаласындағы Мәдениет және өнер колледжінің драма актеры мамандығын бітірген.
2003-2006 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Музыка» пәні бойынша тәмамдаған.
1998-2012 жылдары Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрында актер болып еңбек етті.
2012 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
Н.Бекежанов атындағы театрда:
А.Чехов «Шие бауы» – Епиходов, Д.Исабеков «Актриса» – режиссер, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Қодар, Т.Әліпбай «Исатайдың барында» – Исатай, Р.Отарбаев «Қандыөзек» – Жалқытай, Ж.Аймауытов, Б.Майлин «Аласапыран» – Талтаңбаев, У.Шекспир «Макбет» – Банко, Т.Әл-Хакім «Сұлтанның сасқаны-ай» – Сұлтан, т/б.
Ғ.Мүсірепов атындағы театрда:
Иран-Ғайып «Фатима» – Біләл Сүлеев, «Естайдың Қорланы» – ақсақал, Т.Теменов «Шығыс сазы» – уәзір, М.Мақатаев «Мен, ұмытылмаймын…» – Қара киімді, Т.Ахтанов «АНТ» – Сәмеке хан, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Жапалақ, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
Ю.Энтин, В.Ливанов «Бремен музыканттары» – есек, М.Ахманов «Ертегілер әлемінде» – дию, Р.Киплинг «Маугли» – Балу, т/б.
Марапаттары:
1999ж. «Шабыт» фестивалінің дипломанты
2001ж. Атырау қаласында өткен Н.Жантөрин атындағы аймақтық көркемсөз оқу шебері фестивалінің иегері
2004 ж. «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде Асқар Сүлейменов атындағы арнаулы жүлдені иеленген.
2005ж. Қазан қаласында өткен Түркі халықтарының VIII «Наурыз» фестивалінде Ж.Аймауытов пен Б.Майлиннің «Аласапыран» трагифарсындағы Талтаңбаев бейнесі үшін «Ең үздік ер бейнесі» номинациясының лауреаты.