Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Райхан Қалиолдина

admin

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

%d1%80%d0%b0%d0%b9%d1%85%d0%b0%d0%bd-%d2%9b%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%be%d0%bb%d0%b4%d0%b8%d0%bd%d0%b01962 жылы 12 шілдеде Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген.
1979-1983 жылдары Алматы Мемлекеттік театр және сурет өнері институтының театр факультетінің драма және кино актері мамандығы бойынша тәмамдаған.
1983 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрындаа актриса болып еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
М.Әуезов «Алуа» – Жанар, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Ақтоқты, М.Байджиев «Ерте, ерте, ертеде» – Зылиха ханшайым, Ш.Айтматов «Желсіз түнде жарық ай» – Ұлжан, Н.Мирошниченко «Алау жалды арғымақ» – Оксана Орлик, Т.Миниуллин «Диляфруздың төрт күйеуі»- Диляфруз, Ә.Тауасаров «Сен жанбасаң» – Жанар, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Жібек, Гаухар, «Ең әдемі келіншек» – Мадина, С.Сматаев « Зар заман» – Қолаң сұлу, Е.Аманшаев «1001-ші түн» Якутат Аль-Кальб, Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы» – миссис Чарльтон, У.Шекспир «Махаббат айдыны» – Ева, Б.Әлімжанов «Құдалық» – Құдаша, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Батсайы, «Рабиғаның махаббаты» – мұғалім, І.Жансүгіров «Исатай-Махамбет» – Фатима, М.Әуезов «Ділдәнің зары» – келін, В.Омар «1001-ші күн» – Ана, Б.Мұқай «Шындық детекторы» – Сәния, Б.Жәкиев «Әке тағдыры» – Зура, Ғ.Мүсірепов «Ұлпан-Есеней» – Шынар, Ш.Мұртаза «Жетім бұрыш» – Сырға, И.Вовнянко «Стриптизердің өлімі» – сот, А.Островский «Адам аласы ішінде» – Машенька, Т.Теменов «Шығыс сазы» – Аспаз қыз, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Балзия, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
Ф.Родари «Чипполлино және оның достары» – Асқабақ, М.Ахманов «Алдардың айласы» – сиыр, Е.Елубаев «Асар»- мекиен, С.Балғабаев «Жымбала, Мико және қасқыр» – Ботакөз, А.Хангелдин «Керемет» – Қамқа ханша, В.Алшынбаев «Керқұла атты Кендебай» – Айғаным, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2006ж. «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
«Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері
2012ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;