1989 жылы 23 наурызда ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.
2006-2010 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма» актері мамандығы бойыншы білім алды.
2010 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Айдар, Т.Теменов «Шығыс сазы» – Сұлтан патша, «Карменсита» – Хосе, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…» – Нарша, Иран-Ғайып «Фатима» – Ілияс, Ш.Айтматов «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» – Балықшы жігіт, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Арыстан, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Мекемтас, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Тұзар, Т.Ахтанов «АНТ» – Барақ, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Көкек, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
М.Ахманов «Наурыз думан» – Күн, Әтеш, Қошқар, Ө.Боранбаев «Ер көжек» – Лақ, Л.Владимирский «Буратино» – сот, М.Ахманов «Ертегілер әлемінде» – Аю, Р.Киплинг «Маугли» – Акела, т/б.
- Басты бет
- Мақсат Сәбитов