Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
1960 жылы 1 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы, Үлгілі ауылында дүниеге келген.
1978-1982 жылдары Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының актер мамандығын тәмамдаған.
1982 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы.
Ойнаған рөлдері:
М.Мақатаев «Дариға жүрек» – Дариға, Ә.Тауасаров «Аса құрметті Икс» -Сәнәу, О.Сүлейменов «Заман-ақыр»- Мәлике, М.Әуезов «Қаралы сұлу» – Бәтіш, О.Дастанов «Әзірет сұлтан» – ханша, Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» -әйел, Т.Ахметжан «Екі жүрек» – Күлтай, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Гауһар, Ә.Әбішев «Мәди» – Ділдәш, А.Ысмайлов «Алдар көсе»- Бізбике, Ф.Шиллер «Махаббат пен ғадауат» – мама Луиза, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі»- Башорад, Э.де Филиппо «Цилиндр» – Беттина, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – неке қиюшы, Т.Теменов «Мулен ружға шақыру» – Марта, Т.Теменов «Карменсита» – сыған әйел, Б.Әлімжанов «Супер Серкеш» – әйел т/б.
Балаларға арналған спектакльдерде:
«Асар» – мекиен, «Чипполино және оның достары» – асқабақ, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2006ж. «Мәдениет» қайраткері,
2009ж. «Құрмет» орденінің иегері,
2015 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»,
2016 ж. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі;