Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Сүндет Бектау

admin

DSC_07931957 жылы 24 қарашада  Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.
1986-1988 жылдары Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры жанындағы вокал-хор студиясын бітірді.
1994-1996 жылдары Т.Жүргенов атындағы мемлекеттік театр және кино институтының «Театр және кино» актері мамандығы бойынша білім алды.
1996 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының актері болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» -Қарабай, «Ақан сері – Ақтоқты» – Балташ, И.Ғайып «Қорқыттың көрі» – Рәпіл, С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Алтай, «Қыз жиырмаға  толғанда»  – Тәукен,  Э.Де Филиппо «Цилиндр» – Роберьто, Н.Ораз «Адасқан жұлдыз» – Роман,  «Қалың елім қазағым»  – Ербол, «Сталинге хат» – Нұрбеден, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Сайлау, «Ұлпан-Есеней» – Еспенбет, «Бесеудің хаты» – НКВД, «Зар заман» – Есәлі, «Қазақша күрес» – әнші жігіт, «Әке тағдыры» – Сопай, «Әзірет сұлтан» – Уайс, «Зона немесе шиебөрі» – Джека, 134 -2-с, Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы» – мүсінші, «Қаралы сұлу»-қырғыз, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері –Ақтоқты» – Балта, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Қарабай, Б.Мұқай «Шындық детекторы» –  Белгісіз, Т.Ахтанов «АНТ» – Қоңтәжі, т/б.
Балаларға арналған рөлдері:
«Тазша бала» – Хан, «Алдар көсе» – шайтан, «Бәрінен күшті қорқақ көжек»- бөлтірік, «Жымбала, Мико және қасқыр» – Бурик, «Қаңбақ шал» сопай, т/б.