Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Театр – тәрбие көзі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біздің болашағымыз – жастар. Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек» деген болатын. Осы мақсатта Қазақстан инженерлік технологиялық университетінің Оқу тәрбие ісі жөніндегі проректоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызының басшылығымен  «Эдвайзерлер институты» қарқынды жұмыс жүргізіп, кәсіби білікті, азаматтығы мол мамандар тәрбиелеп, елінің игілігіне жарата білуде теңдесі жоқ орталыққа айналып отыр.

Эдвайзерлер институтының басты мақ­саты – жастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту болып табылады. Ал куратор-эдвайзерлердің негізгі міндеті оқу тобында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және студенттерді университеттің қоғамдық және шығармашылық өміріне біртіндеп тарту, оқу траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын құрастыру) ықпал ету және білім алу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.

Барлық кафедраларда тәжірибелі ғалымдар, оқытушылар эдвайзерлік етеді. Олар студенттерге кәсіби бағыт-бағдар беріп, ғылыми жұмыс­тарға баулып, бос уақыттарын тиімді ұйым­дастыруға көмектесіп, кәсіби-ғылыми, шығармашылық, спорттық, тағы басқа бағыттағы клубтарға тұрақты мүшелік етуіне ықпал етіп, тұлға болып даму жолында ақыл-кеңес беріп, ұжымдық мәдениетке, университеттік дәстүрлерге баулуда.

Эдвайзерлердің атқарып жүрген осындай нәтижелі жұмыстарының  бір көрінісі ретінде студенттер күні қарсаңында аға эдвайзер Жақанова Сая Рымғалықызы және 1, 2 курс студенттері эдвайзерлерімен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына Баянғали Әлімжановтың «Супер жеңгетай Серкеш» комедиясының премьерасын тамашалап қайытты. Премьераның қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Жанат Хаджиев.
РЭТ мамандығының 1 курс студенттері Бақытбай Нұрым, Жетеу Марат, Қайыпбаев Рүстем, Елемес Мағжан, ТМЖ мамандығының 1 курс студенті Владимирова Дания, СжС мамандығының 1 курс студенттері Әжет Назым, Оразбеков Серік,  АжБ мамандығының 1 курс студенті Урмантаева Айгерім, Қаржы мамандығының 2 курс студенті Төлеубай Дарынның театрдан алған әсерлері жөнінде пікірлері: «Эс­тети­калық сезім – жақсылықтың негізі. Бұл жөнінде В.Белинский былай деп жазған: «Әдемілікті сезіну – адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін». Университет студенттерінің рухани қорын, мәдени-эстетикалық деңгейін кеңейтуде театр ерекше рөл атқарады. Театр мәдениетінен өнер құндылықтарын түсініп, әдепті сөйлеуге үйреніп, көркемдік талғамымыз, шығармашылық қабілетіміз оянады. Қойылымнан өзімізге керекті тәлім-тәрбиелерді бойымызға сіңіріп,  әдемілікті, сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып,  сүйіп, қастерлейміз. Сондай-ақ ынтымақ   бірлікке, адамгершілікке, шыншылдыққа, патриоттыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. «Супер жеңгетай Серкеш» атты қойылымда басты кейіпкерлер облыс аруы Меңсұлу Меңдібаева мен Серкеш өте шынайы ойнағандығы соншалық, театрда отырғанымызды ұмытып, шынайы өмірді тамашалап жүргендей бірге ән де салдық. Меңсұлудың бойынан адамилық құндылықтың сақталғанын көреміз. Осындай тамаша кеш сыйлаған эдвайзер Сая Рымғалықызына алғысымыз шексіз!»
Осындай атқарылып жатқан игі істердің нәтижесінде, біріншіден, студенттердің дүниетанымы қалыптасып әртүрлі діни ағымдардың жетегінде кетпейді, теріс жолға түспейді; екіншіден, өскелең ұрпақ елін қорғауға жан – тәнімен берілген отаншыл, белсенді азамат болып қалыптасады; үшіншіден, алған білімін өз елінің өркен­деуі үшін жұмсайтын патриот болып өседі; төртіншіден, өз халқының тарихын, салт-дәстүрін нық меңгеріп алады.
Эдвайзерден тәрбие алған студент, эдвайзеріне қарап бой түзеп, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейеді. Қорыта келгенде, Эдвайерлер институты тәр­бие жұмысына атсалысып,  студенттерге қамқор болып, тәрбие мен өнерді үйретіп, үйлестіріп, студент­­тердің қоғамдық жұмыстарға араласып, жан-жақты болып өсуіне бірден-бір септігін тигізе береді деген сенімдеміз.
Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы








Ақпарат көзі: http://kazetu.kz/news/show/id/671.html?lang=kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматыда М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» дастаны сахналанды

admin

Бақыт Тушаев, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты: ӘР АКТЕРДІҢ ЖЕКЕ ЖЕТІСТІГІ – ҰЖЫМНЫҢ ЗОР ЕҢБЕГІ

admin

«ӨМІР СЫНАҒЫ» МЕН «ШАЛҒАЙДАҒЫ ОҚИҒА» ТЕЛЕХИКАЯЛАРЫ ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРЕДІ

admin