Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Түркістанда Асқар Сүлейменовті еске алу шарасы өтті

Түркістанда Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың 100 жылдығы мен жазушы, драматург Асқар Сүлейменовтің 80 жылдығына орай Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Мәдениет орталығында «Ұлы даланың дара даналары» кітап көрмесі мен «Қаратаудың төл перзенттері» атты еске алу іс-шарасы өтті.
«Қарт Қаратаудың теріскейі қашанда қаламы күміс қаламгерлердің, арқалы ақындардың мекені, алтын бесігі еді десек, әдеби шоғырда орны бөлек сөз сәйгүлігі, қазақтың қара сөзінің зергері атанған көрнекті жазушы, ақын Тәкен Әлімқұловтың туылғанына 100 жыл және де тумысы бөлек тұлға, өзгеше дарын иесі Асқар Сүлейменовтің 80 жылдығына арналған мерейлі мереке Қазақстан көлемінде аталып өтуде. Елім деп еңсесін тіктеген, ұлтым деп ұйқысы қашқан айтулы тұлғалардың тұғыры қашан да биік»,-деп ізінен қазақтың қасиетті әдебиетін ерткен тамырлы сөз тұлпарларының мерейлі жылымен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Отарбаев Мәлік Нұржанұлы Тәкен Әлімқұловтың жұбайы Есімкүл Әлімқұлова мен Асқар Сүлейменовтің ұлы Алишер Сүлейменовке облыс басшысының сый-сияпатын табыс етті.
Шара аясында Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды драма театрының әртістері «Қаратаудың төл перзенттері» поэтикалық композициясын ұсынып, облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тарту етті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мүсірепов театрының актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қадырғазы Қуандықов ағамыз бен театр қызметкері, керемет жан Жібек Рахатова “БРИГАДА” комедиялық телехикаясының түсірілімінде. 9-қараша күні тұсауы кесілер туындыны 31 арнадан көре аласыздар.

admin

Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі

admin

Азамат Сатыбалды: Өнер адамы еркін болуы керек

admin