Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

МОЛДАҒАЛИ ФАРХАД ЕРЛАНҰЛЫ

admin

Көркемдік жетекші
«Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты;
«Мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері;
Халықаралық Абай атындағы Мәдениет пен өнерді қолдау Қоры қоғамдық кеңесінің шешімімен «Ұлттық руханиятқа сіңірген айрықша еңбегі үшін» Абай мерейтойлық медалінің иегері.
1993 жылы, 27 наурызда Семей облысы, Қайнар ауылында дүниеге келген.
2011-2016 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Маман Байсеркенов шеберханасында режиссерлық мамандық бойынша оқып-бітірген.
2016-2018 жылдары С.Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының қоюшы режиссері;
2017 жылдан бастап, «StarTDrama» театр лабораториясының негізін қалаушы әрі жетекшісі;
2018 жылдың наурыз айынан бастап, С.Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының бас режиссері;
2018 жылдың қараша айынан бастап С.Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі;
2020 жылдан, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері.